Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Каспийдегі трагедия: Бектенов әскери оқу-жаттығуларды жоспарлау мен өткізу кезінде жүйелі мәселелер барын көрсетті

Каспийдегі трагедия: Бектенов әскери оқу-жаттығуларды жоспарлау мен өткізу кезінде жүйелі мәселелер барын көрсетті
Сурет: ІІМ
Премьер-министр Олжас Бектенов әскери оқу-жаттығуларды ұйымдастыру кезінде анықталған кемшіліктер мен әскери қызметшілердің қауіпсіздігін күшейту шараларына тоқталды.

Бұл туралы депутаттық сауалға берген жауабында айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Олжас Бектеновтің айтуынша, Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиғалар әскери оқу-жаттығуларды жоспарлау мен өткізу кезінде жүйелі мәселелер барын көрсетті.

«Қорғаныс министрлігінде жүргізілген кешенді тексеру нәтижесінде оқу-жаттығулардың барысын бақылауды ұйымдастыру, ықтимал тәуекелдерді бағалау және жағдай өзгерген кезде жедел әрекет етуге дайындық мәселелерінде кемшіліктер анықталды», – деді Бектенов.

Оқу-жаттығудың ең қауіпті кезеңдерін уақытында тоқтату туралы шешім кеш қабылданды деп тізбектеді премьер-министр.

Сонымен қатар күштік құрылымдар "Қазгидромет" мекемесімен байланыста жұмыс істеп, ауа райының өзгеруі мен дауылды ескертулер туралы ақпаратты тұрақты түрде алып отырады.

Премьер-министрдің айтуынша, Президенттің тапсырмасымен Әскери реформа жоспарының жобасы әзірленген. Құжатта әскери басқару жүйесін жетілдіру, оқу-жаттығуларды жоспарлау тәртібін біріздендіру және әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қатаң сақтау қарастырылған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар