Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Антикор Туризм және спорт министрлігінде тексеріс жүргізеді

Антикор Туризм және спорт министрлігінде тексеріс жүргізеді
КазТаг
Cпортты қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметіне талдау жасалады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді, деп  хабарлайды KYN.KZ.

Ведомство татартқан хабарға қарағанда, талдау аясында Туризм және спорт министрлігінің, оның ішінде оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының спортты қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметіне талдау жасалады.

"Бұдан басқа, спорттық іс-шараларды, жиындарды, жабдықтарды, спорттық тамақтануды сатып алуды, шетелдік іссапарларды ұйымдастыруды, сыйақыларды, спорт объектілерін салуды, сондай-ақ спорт федерациялары мен кәсіби клубтарды ұстауды қамтамасыз ететін бюджеттік және бюджеттен тыс көздер зерделенеді", - дейді Антикордағылар. Талдау Агенттіктің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен және азаматтық қоғам өкілдерімен жүргізіледі екен.

Ұқсас жаңалықтар