Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Салтанат Нүкенованың мәйітіне қанша сараптама тағайындалғаны белгілі болды

Салтанат Нүкенованың мәйітіне қанша сараптама тағайындалғаны белгілі болды
Qaz365.kz
Заңнамада бекітілген тәртіпке сәйкес, 30 күнтізбелік күнде сараптама өткізілуі тиіс

Биыл 9 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде қастандықпен өлтірілді деген Салтанат Нүкенованың мәйітіне 12 сараптама тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ.

Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті

«Салтанат Нүкенованың денесіне сараптама жүргізу туралы материалдар келіп түсті. Оның қалай қайтыс болғанына қатысты мән-жайды айта алмаймыз. Қылмыстық іс аясында 12 түрлі сараптама тағайындалды. Оның онының қорытындысы шығарылып, құзырлы органдарға жіберілді. Біреуі осы аптада аяқталады. Ал 12-сараптама күні кеше ғана келіп түсті. Заңнамада бекітілген тәртіпке сәйкес, 30 күнтізбелік күнде сараптама өткізілуі тиіс. Сараптама қорытындылары Ішкі істер министрлігіне жолданады», – деді Талғат Уәли.

Ал Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев бүгін сенат кулуарында Қуандық Бишімбаев ісін тергеу қай сатыда екенін айтты.

Ұқсас жаңалықтар