Қоғам
Қазақстан қымызды неге патенттей алмайды – Әділет министрлігінде түсіндірді
- kyn.kz
- 21 желтоқсан, 2023
- 585
Қымызды қазақ сусыны ретінде патенттеуге болмайды
Қымыздың патенттелуі туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.
«Ұлттық өтінім берушілеріміз де дәстүрлі өнімдерге, соның ішінде шұбат, құрт, қазы, ет қамыры және тағы басқалары бойынша соңғы технологияларды патенттеп алды. Қымызды тек қазақстандық сусын деп патенттеп алу мүмкін емес. Алматының апортын «географиялық көрсеткіш» ретінде шығу тегі Алматы екендігін бекітіп алғанымызды айтқан едік. Яғни, апорттың Алматы төңірегінде өсетіндігін растауға болады. Ал биенің сүті, қымызы әлемде өндірілетін өнім болғандықтан, оны тек Қазақстанға ғана тән деп айту орынсыз болады», - деді Талғат Уәли.
Айта кетейік, Германияда қымызға емес, оны өндіру әдістеріне ғана патент бар екенін айтылған.
Келесі мақала