Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев зиянды жұмыста істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңға қол қойды

Тоқаев зиянды жұмыста істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңға қол қойды
Baq.kz
Арнайы әлеуметтік төлем төрт қаражат көзінен жүзеге асырылады

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады KYN.KZ.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген азаматтарға 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем енгізу мәселесі заңға енгізіліп жатқанын хабарлаған болатын.

"Заң жобасы шеңберінде көп өзгеріс енгізіледі. Біріншіден, арнайы әлеуметтік төлем көп жылдар бойы жұмыс істеген, 55 жасқа толған және 7 жыл бойы өздеріне жиынтық жарналар аударған азаматтарға төленеді", - деді Жақыпова.

Арнайы әлеуметтік төлем төрт қаражат көзінен жүзеге асырылады:

республикалық бюджеттен 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардан;

жұмыс берушілердің қаражаты есебінен,

БЖЗҚ-дан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен.

Төлемдердің орташа мөлшері 208 мыңға жетеді және 63 жасқа дейін төленеді. Азаматтар арнайы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауы тиіс.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар