Мәдениет
"Өз үйінде тұрып жатыр": Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуі жайлы ел арасында тараған қауесетке жауап берді
- kyn.kz
- 22 желтоқсан, 2023
- 1.6k
Өнер иесі күйеуінің іссапармен Сарыағаш қаласында жұмыс істейтінін айтты
Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева отбасына қатысты ел арасында тараған қауесетке жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Өмірсерік мені жылата алмайды. Ол менің өміріме жылату үшін келген жоқ. Мен оған разымын. Көре алмайтын адам көп қой. Ол қауесеттің тараған себебі: Өмірсеріктің Сарыағашта жұмыс істеуі. Өз үйінде тұрып жатыр. Құрылыс саласында жұмыс істейді. Жұмысы солай. Алдында екі жыл Шымкентте жұмыс істеп келді. Шуда жұмыс істеді. Енді Сарыағашта жұмыс істеп жатыр. Ауылдан бір-екі адамнан шыққан сөз шығар. Өзім 33-ке келіп, әрең тапқан күйеуімнен ажыраспаймын. Ажыраспаймын! Ол ажырасса да, мен қол қоймаймын. Осымен нүкте", - деді Жұлдызай Дүйсенбиева.
Келесі мақала