Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жеңіс Қасымбек Боранбаевтың Астанадағы қонақүйінің алдағы тағдыры туралы айтты

Жеңіс Қасымбек Боранбаевтың Астанадағы қонақүйінің алдағы тағдыры туралы айтты
Qaz365.kz
Әкім Астанаға тек Comfort Hotel Astana берілетінін айтты

Астана әкімі Фитнес орталығы берілмейтінін, өйткені бас компания басқа қалада орналасқан және сол жерден басқарылуы мүмкін деді, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Қайрат Боранбаев тергеумен ерікті түрде келісімге келу аясында мемлекетке бірқатар активін, соның ішінде Comfort Hotel Astana қонақүй кешені мен фитнес орталығын тапсырды. Онда оңалту және білім беру орталықтары ұйымдастырылуы керек деп айтылды. Олар ұйымдастырыла ма? Бұл нысандарды орталық ретінде ішінара немесе толығымен қайта құрасыздар ма?», - деп сұрады журналист Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Жеңіс Қасымбек Астанаға тек Comfort Hotel Astana берілетінін айтты. Фитнес орталығы берілмейді, өйткені бас компания басқа қалада орналасқан және сол жерден басқарылуы мүмкін.

«Comfort Hotel Astana бойынша – өткізу процесі әлі жүріп жатыр. Тапсыру процесі аяқталғаннан кейін әрі қарайғы қызмет түрін анықтаймыз. Бірақ қазірден айтарым, қаламызға мұндай деңгейдегі қонақүйлер жетіспейді. Қонақүй өзінің қызмет профилін сақтауы да мүмкін. Алайда нысан әлі берілмеді, бұл процесс жүріп жатыр», - деп түсіндірді қала әкімі.

Ұқсас жаңалықтар