Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жағым сынған, есімнен тандым»: Алматыдағы қайғылы апаттан кейін автобус жүргізушісінің аудиосы тарады

«Жағым сынған, есімнен тандым»: Алматыдағы қайғылы апаттан кейін автобус жүргізушісінің аудиосы тарады
Qaz365.kz
Алматыда автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кеткен еді

Әлеуметтік желіде Алматыдағы автобуста болған жүргізушінің аудиосы деген видео тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Ол есікті ашуды талап етті. Мен оған «келесі аялдамадан шығасың» дедім. Ол маған қазір «... шығарам» деп қорқытты. Мен оған сенбей, «давай-давай» деп ары кете бердім. Тарс-тарс екі соққы жасады ғой деймін. Ары қарай ештеңе есімде жоқ. Есімнен танып қалдым. Ештеңе есімде жоқ. Жағым ауырып, сөйлей алмай отырмын. Жақ сынған. Сол жерімнен ұрды. Басым тоқтамай айналып тұр», – дейді әйел.

Еске сала кетейік, кеше Алматыда автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кеткен еді. 

«Бүгін, 22.12.2023 жылы сағат 18.15-те 47 - ші маршруттағы автобустың жолаушысы жанжал салдарынан есінен танып, көлікті басқарған әйел жүргізушіні ұрған. Ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалған», – делінген Алматы қалалық полиция басқармасының хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар