Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Келесі жылы қажылыққа кімдер бара алады?

Келесі жылы қажылыққа кімдер бара алады?
Қазалы
2024 жылы қажылыққа бару талаптарына өзгерістер енгізілгені белгілі болды

Өзгерістерге сәйкес, алдағы жылы қасиетті парызды орындауға ниет білдірген адамдар биылғы желтоқсан айының соңына дейін қажылықтың электронды жүйесіне тіркеліп үлгеруге тиіс, деп хабарлайды KYN.KZ.

Бұдан былай елімізде қажылық сапары бойынша 17 туристік фирма ғана қызмет көрсетеді. Бұған қазақстандықтардың биылғы қажылық сапары кезінде басы дауға қалғаны себеп болып отыр. Бұл туралы АПН хабарлады.

Еске салсақ, биыл "ZamZam Qazaqstan" қажылық компаниясы арқылы үлкен қажылыққа аттанған 380 адамның визасы жалған болып шыққан.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аталған оқиғаға дейін де "Zam-Zam Qazaqstan" компаниясының қажыларға қызмет көрсетуге қатысты тиісті лицензиясы, осы жылғы ресми қажылық туроператорлары тізімінде жоқ екенін, сол себепті аталған фирманың қызметіне мүлдем жүгінбеу керектігі туралы бірнеше рет дабыл қаққан еді. Сонымен қатар, мүфтият қажыларды осыған дейін алдап, далада қалдырған аталған компанияның заңсыз әрекеттері туралы құқық қорғау органдарына шағым түсірген.

Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сенімді, ресми рұқсаты бар компанияларға жүгінуді сұрады.

"Қажылық конкурсынан өткен, яғни қажылық сапарын ұйымдастыруға қабілетті деп танылған, мүфтият жариялаған тізімге сай туроператорлар қызметіне жүгіну қажеттігін тағы да қаперге береміз. Сонымен қатар, "ҚМДБ жалған қажылық визаларын дайындады" деп жала жапқан "Zam-Zam Qazaqstan" компаниясының директоры Данияр Илиевтің үстінен сотқа шағым түсіретінімізді жеткіземіз. Олар Алла алдындағы парызын өтеймін деп келген қажыларға қиянат жасады", - делінген ҚМДБ мәлімдемесінде.

Ұқсас жаңалықтар