Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қаржы пирамидасына көбінесе мұғалімдер мен дәрігерлер алданады

Қаржы пирамидасына көбінесе мұғалімдер мен дәрігерлер алданады
Orda.kz
Биыл Павлодар облысындағы 3 мыңнан астам адам ақшасынан айырылды

Қаржы пирамидасына қыруар қаражатты тарту қазіргі қоғамның "қотырына" айналды, деп хабарлайды KYN.KZ.

Өкінішке қарай, оның құрбандарының қатары азаймай тұр. Биыл Павлодар облысындағы үш мыңнан астам адам ақшасынан айырылып, жер сипап қалды.

Былтыр өңірде "QNET" қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы жазаға тартылып, үш жылға бас бостандығынан айырылған еді. Биыл тағы да аталмыш ұйымға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Осыдан төрт-жыл бұрын бұл компанияға қаржы салып, әлі күнге дейін "игілігін" көрмегендер жергілікті экономикалық тергеу департаментіне шағым түсірді. Барлығы 30 адам 28 млн теңгесінен айырылғанын айтып келді. Нәтижесінде мамандар қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады.

Ұқсас жаңалықтар