Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы әуежайында ұшақтың апаттық есігін ашқан ер адам жауапқа тартылды

Алматы әуежайында ұшақтың апаттық есігін ашқан ер адам жауапқа тартылды
Qaz365.kz
Ол 15 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алынуы мүмкін


 

Тексеру барысында ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған Алматы қаласының 29 жастағы тұрғынының мас болғаны анықталды, деп хабарлайды KYN.KZ.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол орташа дәрежелі мас күйде болған.

«Құқық бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі, 566-бабы 1-бөлігі, 434-бабы 1-бөлігі бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырып, 8 АЕК көлемінде айыппұл салды. Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданатын болады», – делінген полиция хабарламасында.

Ол 15 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар