Алматыда №7 аурухана маңында автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып өткен
Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының өтініші қанағаттандырылған, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Күдікті А.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берілді", - делінген сот хабарламасында. Еске салайық, 22 желтоқсанда Алматыда №7 аурухана маңында автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып өткені хабарланған еді. Кейін қалалық ПД өкілдері оқиғаның жай-жапсарын айтты. Оқиғадан 7 адам зардап шеккен, олардың үшеуі жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қаза болған. Төрт адам ауруханаға жатқызылған.
Олардың ішінде 15 жастағы бала бар. Сонымен қатар жүргізуші әйелді ұрған жолаушыға қатысты екі бап бойынша іс тіркелгені хабарланды. Ол қамауға алынған.