Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Дайын отырмын": ай-күні жетіп отырған Жорабаева перзентханаға дайындығын көрсетті

"Дайын отырмын": ай-күні жетіп отырған Жорабаева перзентханаға дайындығын көрсетті
https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva
Өнер иесі бүгінде бесінші сәбиіне аяғы ауыр

Ай-күні жетіп отырған әнші Instagram парақшасында оқырмандарымен байланысқа шығып, қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.
 

Жорабаева бүгінде перзентханаға қажет заттардың барлығын алып, сәбиімен кездесуге дайын отырғанын жеткізді.

"Буып, түйіп дайын отырмын. Бөпеге қажетті заттың барлығын алып алдық. Інім мен келінім балама алғашқы сыйлығын да беріп қойды", - деді әртіс.

Айта кетейік, бұл Алтынай Жорабаеваның бесінші перзенті болмақ. Әншінің бірінші некеде туған төрт қызы бар. Өнер иесі аяғы ауыр екенін хабарлағанымен, болашақ сәбиінің жынысын көпшілікке жария етпеді.
 

Ұқсас жаңалықтар