Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қазақмыстың» Жыланды кенішінде жұмысшы қаза тапты

«Қазақмыстың» Жыланды кенішінде жұмысшы қаза тапты
Qaz365.kz
Компания апаттың мән-жайын анықтауға арнайы комиссия құрған

Жазатайым оқиға 2023 жылдың 26 желтоқсанында Ұлытау өңірінде орналасқан Жыланды кенішінде болған, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Сағат 18:30-да «Шығыс Сары-Оба» кенішінің учаскелерінің бірінде жерастында өздігінен жүретін машинаны жүргізу барысында 1992 жылы туған машинисті абайсызда қағып кеткен. Нәтижесінде қызметкер алған дене жарақаттарынан қайтыс болды. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Компания апаттың мән-жайы мен себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрған.

Ұқсас жаңалықтар