Олар қызылшаға қарсы екпе алу жасына толмаған
Қызылшамен ажал құшқан балалар туралы сенат кулуарында денсаулық сақтау вице-министрі – мемлекеттік бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ.
Есмағамбетованың айтуынша, қызылша ауруынан 2 бала өлімі тіркелген. Екеуі де 1 жасқа дейінгі балалар. Өлім жағдайы Астана мен Шығыс Қазақстан облысында тіркелді.
“Олар қызылшаға қарсы екпе алу жасына толмаған. Бір бала шала туған. Оның бұған дейін де басқа да ілеспе аурулары болған. Соңына қызылша жұқтырған”,- дейді Айжан Есмағамбетова сенат кулуарында.
Келесі мақала
300-ден астам қыз онлайн порномен айналысқан
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Маңғыстау облысында йогурт тиелген фура аударылып кетті
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 желтоқсан, 2025




