Жел екпіні секундына 30 метр: Қазақстанның 8 өңірінің тұрғындарына ескерту жасалды
- kyn.kz
- 29 желтоқсан, 2023
- 1.0k
Синоптиктердің болжамынша, атлантикалық циклон жылғасы мен атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты әлі де бүкіл Қазақстан аумағында сақталып отыр, деп хабарлайды KYN.KZ.
Ертең солтүстікте, оңтүстіктің таулы аймақтарында жауын-шашын, ал оңтүстік-шығыста - қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тұтастай алғанда, ел бойынша тұман, көктайғақ, боран, екпінді жел тұрады деп болжанып отыр.
"Оңтүстік-батыста, Жамбыл облысы таулы аудандарында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Түркістан облысының таулы асуларында, күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, орталығында, Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарды 30 м/с немесе одан да аса қатты жел соғады деп күтіледі", - делінген хабарламада.




