Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жүктіліктің 36-шы аптасында қайтыс болған әйелдің туыстары дәрігерлерді кінәлайды

Жүктіліктің 36-шы аптасында қайтыс болған әйелдің туыстары дәрігерлерді кінәлайды
Егемен Қазақстан
Марқұмның артында екі ұлы қалды

Көкшетауда көз жұмған жүкті әйелдің туыстары қайғылы оқиғаға дәрігерлерді кінәлауда, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Қара жамылған отбасы Айнаш Ұстажанова ем қабылдаудан бас тартпаған деп отыр. Марқұмның жақындары ақ халаттылар аяғы ауыр әйелді 12 сағат бойы перинаталды орталық пен қалалық аурухана арасында сабылтып қойды дейді. Айтуыларынша, дәрігерлер дер кезінде көмек көрсеткенде ана мен бала аман қалатын еді. Толығырақ әріптесім Айгүл  Мырзағалиқызы айтып берсін.

Қапыда қызынан айырылған ананың жүрегі қан жылайды. 22 желтоқсанда жүкті әйелдің дене қызуы көтеріліп, жедел жәрдем қызметін шақырттық дейді туыстары. Жақындарының айтуынша, фельдшер аяғы ауыр келіншекті алдымен перинаталды орталыққа апарыпты. Артынша ақ халаттылар Айнашты қалалық ауруханаға жіберген дейді марқұмның туыстары. Ал қабылдау бөлімінде әйелді қараған дәрігер қайтадан перзентханаға барсын деген көрінеді. 12 сағат бойы екі ортада сабылып шаршаған Айнаштың жағдайы үйге келгенде ушығып, ақыры жүрегі тоқтады. Ішіндегі шақалақ та жарық дүние есігін ашпай кетті дейді жақындары. 

“ Қалалық ауруханада бірнеше сараптама алған. Бірақ ешкім ауруханаға жатқызбаған.Сол күйі қабылдау бөлімінде отырған. Дәрігерлерден ешқандай көмек болмай, әбден қажып, дем жетпей, әлсіреп, түнде үйге келді. Үйде 3-ақ сағат болды. Беті, қолы әбден көгеріп кеткен. Түнгі төрттер шамасында жедел жәрдем қызметін қайта шақырттық. Бірақ бәрі кеш болды. Мен бұл іске дер кезінде көмек көрсетпеген дәрігерлерді кінәлаймын. Тиісті жазаларын алсын”,-деді Зәуреш Оразбаева, анасы.

Марқұмның артында екі ұлы қалды. Тұңғышы 8-де, ол аутизм дертіне шалдыққан. Кішкентайы 2 жасқа таяған екен. Сүйіп қосылған жолдасының бақилық болғаны күйеуінің жанына қатты батқан.

“ Біз өмірге қыз бала келеді деп қуанған едік. Енді міне бір-ақ күнде екі бірдей адамымнан айырылдым. Дәрігерлер бізді бір ауруханадан екінші ауруханаға сабылтып, сенделтіп қойды. Түсінуімше, ешкім өзіне жауапкершілік алғысы келмеді. Жұбайым қаншама анализ тапсырды. Ертерек ем көрсету керек еді. Бірақ ешкім ештеңе істей алмады”,-деді Сайран Ұстажанов, марқұмның күйеуі.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар