Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елордалықтар мерекелік отшашуды тамашалады (видео)

Елордалықтар мерекелік отшашуды тамашалады (видео)
Отшашуды Ботаникалық бақта және «Атырау» көпіріне іргелес аумақта көруге болады.

Қала тұрғындарының ыңғайы үшін жаңа жылдық отшашу қаланың екі жерінде ұйымдастырылған. Отшашу демеушілік қаражат есебінен барлық қауіпсіздік ережелеріне сай жүргізілуде деп, хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Отшашуды Ботаникалық бақта және «Атырау» көпіріне іргелес аумақта көруге болады. 

Жаңа жылдық мерекелік отшашудан бөлек, қаладағы үш жерде қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Жаңа жыл түні» атты мерекелік концерттік іс-шаралар өтті. 

Концерттік бағдарламаларда Інжу»тобы, Думан Усаев, Кулаим Қайырбаева, «ДиАрт» тобы, Алмас Кішкенбаев, Ғайни Жұмашева, Айсұлу Жак, Джордан, Сәндібек Әбуов, Ерасыл Бозаев, Auka, Бейбіт Қорған, Еркеш Хасенов, Әли Оқапов, Ayree, «Килиманджаро» тобы, Серік Ибрагимов, Әлішер Кәрімов, Ақтоты Болшова, Махамбетәлі Әбділда, Диана Исмаил, Маржан Арапбаева, Кенжебек Жанәбілов, Qanay және басқалардың өнер көрсетті. 

Концерттер Қалалық алаңда, 

«Қазақ елі» монументінің аумағында және ЭКСПО алаңында түнгі сағат 2:00-ге дейін жалғасты.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар