Алматыға желтоқсанда бірқатар шетел блогерлері қаланы тамашалауға келді
Блогерлар арасында Түркия, Қытай, Сингапур, БАӘ, Испания елінен келген блогер, тиктокер, фотограф, ютуберлер бар, деп хабарлайды KYN.KZ.
Қаланың туризм басқармасы блогерлерді әуежайдан шашу шашып, алма беріп күтіп алды. Қаланы аралып, көрікті жерлерін көрсетіп, тауға шығарды. Ұлттық тағамнан дәм татқызды.
Іс-шара еліміздегі туризмді дамытуға бағытталған және оған 67 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржы шетел блогерлерінің жол-пұлы, жатын-орны, тамағы мен қыдыруына жұмсалды.
Бұған дейін 2021 жылы да Алматыға арнайы блогерлерді шақырған еді. Ол кезде шараға 28,5 млн теңге бөлінген.
67 миллион теңгенің жарнамасына сіздің берер бағаңыз қандай?
Келесі мақала