Қоғам
Алдағы күндері елдің кей өңірлерінде 25 градус аяз болады деп күтіледі
- kyn.kz
- 3 қаңтар, 2024
- 1.1k
Синоптиктер болжамына сәйкес, елдің солтүстігінде қатты аяз болады
Синоптиктер Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KYN.KZ.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады. "Жауын-шашын, негізінен қар, боран, көктайғақ, екпінді жел болады. Тек елдің оңтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнде температураның 0...-13-тен -5...-25 градусқа дейін өзгеруі күтіледі", - делінген хабарламада.
Бұған дейін синоптиктер 3 қаңтарда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қандай ауа райы күтілетінін айтқан болатын.
Келесі мақала