Түркиялық клубтағы легионерлер қатарында ең көп жалақыны Винсен Абубакар алады екен. Оның жылдық табысы 3 миллион еуроны құрайды, деп хабарлайды KYN.KZ.
Тізімдегі ақпарат бойынша Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы жылына 1,2 миллион еуро еңбекақы алады.
"Бешикташ" Алекс Окслейд-Чемберлен және легионерлер үшін 11 миллион еуро шығындайды. Оның біразы түрлі себептерге байланысты ойнап та жүрген жоқ. Бұл деген барып тұрған бассыздық, - деп жазды түрік журналисі Мұстафа Караташ.
Айта кетейік, "Бешикташ" желтоқсан айының ортасында 5 бірдей шетелдік ойыншысын негізгі құрамынан алып тастады. Олардың қатарында Венсан Абубакар, Валантен Розье, Эрик Байи, Рашид Геззаль мен Жан Онана бар. Эрик Байи Испанияның "Вильярреал" командасына ауысып үлгерді.
"Бешикташ" 17 ойыннан 29 ұпай жинап, Түркия Суперлигасында 4-орында келеді.
Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда допинг дауына іліккен спортшы Қазақстан чемпионы атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2024