Оқиға Қызылжар тұрғын алабындағы «Алмаз» дүкенінің жанында болған, деп хабарлайды KYN.KZ.
Облыстық прокуротурада бұл қылмыстық іс облыс прокурорының жеке бақылауында екенін айтылды.
Онда полиция басқармасының жедел-тергеу тобы мен облыс прокуратурасының басшылығы барды.
«Деректерге сүйенсек, Instagram-да А. және В. атты адамдардың арасында жанжал туындаған. Салдарынан кәмелетке толмаған В. келесі күні «Алмаз» дүкенінің жанында кездесуді ұсынған. 2 қаңтарда сағат 23:00 шамасында А. және С. атты адамдар пышақ жарақатын алған. Екеуі де есін жимастан көз жұмды. Қылмыстық іс бойынша процесс прокуроры тағайындалды», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Облыстық көпсалалы ауруханаға барлығы 4 адам жеткізілген. 2006 жылғы екі жасөспірім бірнеше жерден пышақ жарақатын алып, көз жұмды.