Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада қыздың пәтеріне қонаққа келген ер адам үйін тонап кеткен

Астанада қыздың пәтеріне қонаққа келген ер адам үйін тонап кеткен
Qaz365.kz
Ұрлық жасаған қызының 33 жастағы досы болуы мүмкін

Полицияға 45 жастағы Астана тұрғыны хабарласып, пәтерінен жалпы құны 230 мың теңгені құрайтын алтын бұйымдарының ұрланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ.

Ол ұрлық жасаған қызының 33 жастағы досы болуы мүмкін екенін жеткізген.

Күдікті қыздың сеніміне кіріп, ата-анасы жоқ кезде пәтерге келген. Осылайша, ол сүйіктісінің ұйықтап қалғанын пайдаланып, қораптағы әшекей бұйымдарды ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Ол кінәсін мойындап, ұрлаған заттарын ломбардқа тапсырып жібергенін айтқан.

Қазір бұл факті негізінде Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар