Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Орал қаласында кафеде жарылыс болды: Зардап шеккендер бар

Орал қаласында кафеде жарылыс болды: Зардап шеккендер бар
Aiqyn.kz
Салдарынан ғимараттың 25 шаршы метр аумақты өрт шарпыған

4 қаңтар күні сағат 02.07-де Сырым Датұлы көшесі 52-мекенжайында өрт шыққаны жөнінде хабар түскен, деп хабарлайды KYN.KZ.

Оқиға орнына сағат 02.17-де жеткен өрт сөндірушілер екі қабатты RIZYQ дәмханасының ғимаратында алдын ала болжам бойынша газ-ауа қоспасының жарылысы болғанын хабарлады.

Салдарынан ғимараттың 110 шаршы метр бөлігі қирап, 25 шаршы метр аумақты өрт шарпыған.

Қазіргі уақытта қираған үйінділерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

БҚО әкімдік оқиға орнына облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің арнайы барғанын, зардап шеккендер бар екендігін жеткізді.

Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар