Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ұлытауда дәрігерлер екі топқа бөлініп, жаппай төбелесті

Ұлытауда дәрігерлер екі топқа бөлініп, жаппай төбелесті
Көрнекі
Ұлытау облысының ауруханасында медицина қызметкерлері арасында төбелес шықты

Жанжал аурухананың бірнеше қызметкері арасындағы түсініспеушілік салдарынан болған, деп хабарлайды KYN.KZ.

"Бұл оқиға бойынша аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр. Аурухана меңгерушісі жұмыстан уақытша шеттетілді. Сондай-ақ оқиғаға байланысты денсаулық сақтау басқармасының басшысы бастаған арнайы топ жұмыс істеді. Ұлытау облысы бойынша департаменті Жаңаарқа ауданында болып, аудан әкімінің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді. Қызметтік тексеру басталды. Бұл мәселе аудан басшылығы мен әкімдігінің бақылауына алынды", - деді Жаңаарқа ауданы әкімдігі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы емдеу мекемесіндегі қызметтік тексеру әлі аяқталмағанын қосты.

Бұл оқиғаға Ұлытау облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейісов те түсініктеме берді. Ол медициналық мекемедегі жанжалды жағдай 2023 жылдың 27 желтоқсанында орын алғанын атап өтті.

"Ұлытау ауданы Жаңаарқа орталық аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерінің арасында дене күшін қолдану арқылы жанжал шығып, салдарынан зардап шеккендер бар. Аталған факті бойынша Жаңаарқа ПБ Ауданда Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы "Бір топ адамдар жасаған бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Сафуан Жампейісов.

Ұқсас жаңалықтар