Қызылордада екі айлық сәбиі шетінеп кеткен ата-ана оның өліміне дәрігерлерді кінәлайды
Қызылорда қаласындағы ауруханада екі айлық нәресте көз жұмды. Сәби он күннен аса жансақтау бөлімінде жатып, азап шеккен екен. Жалғыз қызынан айырылған ата-анасы аурудың асқынып кетуіне жекеменшік емхана дәрігерлерін кінәлап отыр.
























































































