Басты жаңалықтар
Жамбыл облысында жастар саясаты басқармасының қызметкері 500 млн теңгені құмар ойындарына салып жіберген
- автор kyn.kz
- 5 қаңтар, 2024
- 6.6k
Ол 200 млн теңгедей қаржыны таныстары мен туыстарынан тендерден ұтасыңдар деп алған
Жамбыл облысы әкімдігінің қызметкері жарты миллиард теңгені құмар ойынына салып жіберген, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Ол 200 млн теңгеден асатын ақшаны өз таныстары мен туыстарынан алған. Әкімдік қызметкері оларды жоқ тендерге қатысасың деп сендірген.
Сот Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы қызметкерін алаяқтық бойынша кінәлі деп таныды. Ол алты жыл, сегіз айға бас бостандығынан айырылды. Ол жарты миллиард теңгенің жартысын өзі тапқан. 205 млн теңге қарызы бар.