Тоқаевтың төрт елге бітімгершілік әскер жіберу туралы ұсынысын парламент мақұлдады
- автор kyn.kz
- 19 қаңтар, 2024
- 1.5k
Қазақстан парламенті президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрт елге бітімгершілік әскерін жіберу туралы ұсынысын қолдады. Бұл туралы парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлім болды.
Дауыс беру қорытындысын Ерлан Қошанов жария етті. "Сенаттың қатысып отырған 47 депутатының 47-сі, мәжілістің қатысып отырған 90 депутатының 90-ы қолдап дауыс берді", - деді Қошанов.
Қазақстанда 430 офицерді бітімгершілік миссияны орындауға жіберу ұсынылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ миссияларына қатысу үшін Қазақстан қарулы күштері контингентін жіберу туралы ұсынысы. Халықаралық міндеттемелерді орындау үшін республиканың қарулы күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды. Осыған байланыст мемлекет басшысының ұсынысын Қазақстанның қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов оқыды.
"Құрметті депутаттар, Қазақстан Республикасы президентінің атынан Қазақстан әскери қызметшілерін БҰҰ бітімгершілік миссиясын жіберу туралы ұсынысын баяндауға рұқсат етіңіздер. Әскери қызметшілерді бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін біріккен ұлттар ұйымының бітімгершілік миссиясына жіберу парламенттің бұрын қабылдаған бірнеше қаулысына сәйкес жүргізіледі. 2014 жылдан бастап 57 офицер ұйымның Батыс Сахарада, Кот-Дивуардағы, Орталық Африкадағы, Малидегі, Ливандағы миссияға әскери байқаушы штабтық офицер ретінде қатысты", - делінген баяндамада.
Сондай-ақ, Тоқаевтың ұсынысында 2017 жылдан бастап 50038 әскери қызметші Ливандағы уақытша күштер миссиясына қатысқаны айтылған.
"Қазір Батыс Сахараға 6 офицер, Орталық Африка республикасында 2 офицер, Конго демократиялық республикасында 2 офицер, Ливанда 9 әскери қызметші қызмет өткеруде. Ұйым басшылығы офицерлердің жауынгерлік машығына жоғары баға беріп, ұйым миссиясына Қазақстан бітімгершілігінің санын ұлғайтуды дайын екенін қолдауға екенін білдірді. Біздің офицерлер бітімгершілікке үлес қосқаны үшін медальмен гаградталып, алғыс хатқа ие болды. Бітімгершілік қызметті қолдау, жанжалды реттеу, әлемдік қоғамдастық назарында екенін атап өту маңызды", - делінген баяндамада.
Контингентті миссияға жіберу халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға айтарлықтай үлес қосып, Қазақстанның жаһандық аренадағы ролін арттыруға ықпал ететіні айтылған.
"Бітімгершілік миссиясын қысқарту аясында әскери контингентті жеткізу елдері арасында бәсекелестік артуда. Осы қызмет шеңберінде ел позициясын бекіту мақсатында ұйым жарғысының 7-тарауы аясында қарулы күштерінің Таяу Шығыстағы, Оңтүстік Судан республикасындағы миссия қатысу орынды деп санаймын және жалғастыруды ұсынамын", - делінген ұсыныста.
Осы жылғы наурыздан бастап өрістету жоспарлануда. "Ұйыммен (БҰҰ-ны айтады - ред.ескертпесі) халықаралық шарт жасалады. Тараптардың міндеттемесі контингенті толық қамтамасыз ету мәселесі айқындалады. Контингент пен мүлікті тасымалдау Қазақстан тарапы есебінен болады. Өрістету мерзімі нақты бөлімшелер мен операциялар, әрбір бітімгершілік операция үшін тиісті нормативтік құқықтық база жасалады. Осының негізінде Конституцияның 53-бабының 5-тармақшасына сәйкес, ұйымның мынадай миссиясына бірінші, Галан биіктігінде бөлуді байқау күштеріне, екінші бітімге келу шарттарын орындау байқау органына, үшінші Оңтүстік Судан республикасындағы миссияға қатысу үшін 430 адамға дейін контингент жіберу туралы ұсыныс енгізіледі", - деп оқыды баяндаманы Жақсылықов.
Балаларға паспорт жасау құны екі есе арзандады
Ұқсас жаңалықтар
Доллар көтеріліп, теңге әлсіреді: үкімет мәлімдеме жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 2 желтоқсан, 2024