ШҚО-да қарлы боранда үсік шалып қаза тапқан ер адамның денесі үш күннен бері іздестіріліп жатыр

Полицейлер мен құтқарушылар бірнеше күннен бері ШҚО-дағы Сартау қыстауында қарлы боранда үсік шалып көз жұмған ер адамның денесін іздестіруде.

ШҚО ТЖД

Бұл туралы YK-news.kz басылымы хабарлады.

Осыдан бірер күн бұрын Шығыс Қазақстан облысында екі ер адам жолда қарлы боранда, адасып қалған. Бір адам қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша екінші адамды үсік шалған. Оны ауруханаға жеткізу үшін тікұшақ жұмылдырылған.

"Іздестіру жұмыстары жалғасуда. Бұл аймақта қар көп болуы, тіпті жол көліктеріне қиындық тудыруда. Бұл аймақты жақсы білетін бірнеше жергілікті тұрғын полицияға барды", - деді өңір полицейлері.

Сонымен қатар, ШҚО ТЖД іздестіру жұмыстарына қарда жүретін көлік қолданылғанын, іздеушілер шаңғы мен атпен де іздеп жатқанын хабарлады.

Loading...