Мәдениет
Ауыр хәлде жатқан Құрманай Бақтиярқызының қазіргі жағдайы қалай
- автор kyn.kz
- 25 қаңтар, 2024
- 7.4k
Ақын қазір есін жиып, оянды
Отандық әнші Алтынай Жорабаева ауыр хәлде жатқан белгілі ақын, асаба Құрманәлі Бақтиярқызының қазіргі жағдайы туралы айтты. Оның айтуынша, өнер иесі оянып, жағдайы жақсарған, деп жазады KYN.KZ.Алтынай Жорабаева қуанышты жаңалықты Instagram желісінде парақшасында хабарлаған.
"Аллаға шүкір. Құрманайымыз ояныпты. Алла осы мықтылығыңнан айырмасын, Құрмашым. Бала-шағаңа, ата-анаңа аман-есен, он екі мүшең сау болып қосылуыңды нәсіп етсін Алла", - деп жазды әнші.
Айта кетейік, бұған дейін белгілі ақын Құрманай Бақтиярқызының денсаулығы сыр беріп, ауыр хәлде жатқаны белгілі болған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
"Проблемам бітпей кетті": Сәкен Майғазиев жұртқа өз ақылын айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024