Банк карталарынан ақша шешіп алған: түркістандықтар алаяққа алданып қалды
- автор kyn.kz
- 28 қаңтар, 2024
- 610
Түркістанда тұрғындарды алдап, олардың банк карталарынан ақша шешіп алған ер адамды полиция ұстады, деп хабарлайды KYN.KZ ІІМ-ге сілтеме жасап.
Полицияға 4 тұрғыннан арыз келіп түсті. Олардың айтуынша, банкоматтың алдында белгісіз азамат ақшаларын шешіп беремін деп, жасырын түрде «сіздің есеп шотыңызда ақша қаражаты қалмады» деп алаяқтық жолмен ақшаларын шешіп алған. Жәбірленушілерге 243 000 теңге шығын келген.
Полицейлер 37 жастағы ер адамның жеке-басын анықтады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.
Тергеу барысында полиция қызметкерлері ұсталған ер адамның тұрғындардан алдау жолымен алған ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды.
Күдікті ер адамға қатысты алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақтаудағы ұшақ апаты: Бозымбаев мәлімдеме жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 қаңтар, 2025
«-2 градус жылы»: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 қаңтар, 2025