Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мектеп оқушыларына берілетін қосымша қысқы демалыстың кай және қанша күн екені белгілі болды

Мектеп оқушыларына берілетін қосымша қысқы демалыстың  кай және қанша күн екені белгілі болды
ашық дереккөзі
Қосымша демалыс бір аптаға созылады

Қазақстанда 1-сынып оқушыларына ақпан айында қосымша қысқы демалыс беріледі, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.

Мектептерде III тоқсан 8 қаңтарда басталған болатын. Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады.

"1-сыныпта білім алатындарға 2024 жылғы 5-11 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі", - делінген хабарламада.

Айта кетері, бүлдіршіндерге үшінші тоқсанда бір апта қосымша демалыс жыл сайын беріледі. Осылайша 2023-2024 оқу жылында бірінші сынып оқушылары 33 апта, 2-11 (12) сыныптар 34 апта оқиды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар