Дана Медеуова Құрылтайда құрылған "Қазақстан балалары" депутаттық тобына жетекшілік етеді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:26
- 1
Топ балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қатысты заңнаманы жетілдірумен айналысады. Оған депутат Дана Медеуова жетекшілік етеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол топтың жұмысын бастағанын Астанада өткен Орталық Азия елдерінің бала құқықтары жөніндегі уәкілдерінің екінші халықаралық форумында мәлімдеді.
«Бүгін Құрылтайдың “Қазақстан балалары” депутаттық тобы жұмысын бастайды. Біз заң шығару жұмысында балалардың құқықтары, қауіпсіздігі, денсаулығы мен әл-ауқаты басты назарда болғанын қалаймыз», – деді депутат.
Алайда топтың құрамына қанша депутат кіргені және алдағы уақытта нақты қандай заңдарға өзгеріс енгізілетіні әзірге белгісіз.
Форумда балалардың интернеттегі қауіпсіздігіне баса назар аударылды. Сондай-ақ мүгедектігі бар балалардың да өзгелермен тең дәрежеде білім алуына жағдай жасау мәселесі көтерілді.


