Мәдениет
Әли Оқапов жұрт сынаған марапаты бойынша заңға бағынып, өз ойын жүзеге асыра алмай қалғанын айтты
- автор kyn.kz
- 31 қаңтар, 2024
- 697
Көпшілік Оқаповты "Құрмет" орденіне лайықсыз деп сынаған еді.
Әли Оқапов көпшіліктің сынынан кейін марапаттарынан бас тартып, оны мемлекетке қайтарып беретінін айтқан болатын. Жұрт оның сөзінде тұрып, марапатын тапсырған, тапсырмағанын желіде жиі сұрайды. Әнші тыңдарманды алаңдатқан сұраққа жауап беріп, бұл мәселенің нүктесін қойды.
Әнші «Таңшолпан» бағдарламасында берген сұхбатында заңға бағынғанын жеткізді.
Былтыр орден алғаным үлкен дауға ұласты. Негізі, сондай марапатқа лайық болғаныма қатты қуанғанмын. Алайда, әлеуметтік желіде үлкен айқай-шу шықты. Сол кезде өзімді қатты ыңғайсыз сезіндім. Анам ес білгелі «халықтан үлкен емессің, бірінші орында халық» деп көп айтатын. Көпшіліктің пікіріне бағынып, марапаттан бас тарту туралы шешім қабылдадым. Бірақ заң бойынша әртіс мемлекеттік сыйлықтан бас тарта алмайды екен. Егер бас тартса, марапат иесінің жағымсыз әрекеті үшін қайтарылды деп айтылады. Сондықтан мен заңға бағындым. Маған сенім артып, менің өнеріме жанашыр болып жатқан тыңдарман қауымды құрметтеймін. Қазір барлық атақ-марапатым өзімде қалды, – дейді әнші.
Сонымен қатар, өнер иесі бәріне ұнау мүмкін емес екенін айтады.