Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қоғамдық бірлестік жетекшісі: "Түркістан жайлы ештеңе айтпасаң 3 бөлмелі пәтер мен көлік сыйға береміз" деген ұсыныс жасалды

Қоғамдық бірлестік жетекшісі: "Түркістан жайлы ештеңе   айтпасаң 3 бөлмелі пәтер мен көлік сыйға береміз" деген ұсыныс жасалды
ашық дереккөзі
Қоғамдық бірлестіктің жетекшісі өз өңірі жайлы тек жағымды пікір айтуды сұрайтын шенеуніктер мен белгісіз адамдар көп екенін айтты.

Қазақстан бойынша әр өңірдің, әр мемлекеттік органнан әділетсіздік көрген халықтың мұңын тыңдап, әділдік ортнату жолында еңбек етіп жүрген азамат шенеуніктердің былығын ашты. Ол Аралбайұлына берген сұхбатында  оңтүстік халқы өзін жиі келісіп жұмыс істеуге икемдеп, бағалы сыйлықтар ұсынатынын айтты, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

“Қазір көбі келіскенді жөн көреді. Бұрын қорқытатын. Олардың айтатын ең бірінші сылтауы – "бұл тапсырыс”. Біз оларға ешқандай тапсырыстың жоқтығын, біздің тек заң шеңберінде жұмыс істейтінімізді түсіндіреміз. Заң бұзбаса біздің оларға баруға құқымыз да жоқ. "Дидар, сен мемлекеттік қызметкер емессің, шенеунік емессің, ақша алсаң да, ол пара болып есептелмейді. Ала салшы, көз жұма салшы" дейді”, – деп ағынан жарылды Дидар Смағұлов.

Белсенді бұрындары шенеуніктерге жақпаған ақпарат үшін қоқан лоқы жасалса, қазір керісінше сыйлығын ұсынып, бірге жұмыс істеу нұсқасы жиі ұсынылады деп бек сеніммен айтып отыр.

“Адамдар арқылы "Түркістанға келмеші, Түркістан туралы ештеңе айтпасаң, үш бөлмелі пәтер мен Camry 70 көлігін береміз" деді. Бірақ маған Camry ұнамайды. Яғни, мен Түркістанға қатысты мәселелерді көтермесем және осыған дейін жазған жазбаларымды өшірсем маған осындай дүниелерді беруге уәде етті. Сөйтіп барынша мені көндіруге тырысты. Бірақ біз тоқтамаймыз. Өйткені бізге халық сеніп отыр. Мен айтып отырған ақпараттың 70%-ы халықтан келген арыздар”, – дейді "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дидар Смағұлов.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар