Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Әжем теріс батасын берген": актер Шерхан Пірназар балалық шағы жайлы айтты

"Әжем теріс батасын берген": актер Шерхан Пірназар  балалық шағы жайлы айтты
ашық дереккөзі
Актер: өмір бойы әкеме кіжініп жүрдім, көргенде бәрі ұмытылып кетті.

Шерхан Пірназардың балалық шағы ата-әжесінің шаңырағында өткен. Актер әжесінің сүйікті немересі болған. Сол себепті ата-анасы ажырасып кеткенде ол кісі өз ұлына қатты ренжіп, "немеремді жетім қылдың" деп теріс батасын берген екен,деп жазды KYN.KZ тілшісі.

Өнер иесі әке-шешесінің ажырасып кеткені өзіне аса ауыр тигенін жасырмады. Ол әкесімен осыдан төрт жыл бұрын ғана байланысты қайта орнатып, араласа бастаған.

"Мен әжемнің баласы болып өстім. Ол кісі сегіз бала дүниеге әкелген, біреуі қыз, тоғызыншысы мен болдым. Жатса да, тұрса да мені жанынан тастамайтын. Әжемнің жеті баласы бір үйде тұрған. Жеті келіннің ішінен менің мамамды ерекше жақсы көріп, тірлік істетпей еркелеткен ғой. Бірақ әке-шешем ажырасып кетті. Сол кезде қатты жылағаным есімде. Сонда әжем өз баласына "немеремді жетім еттің" деп қатты ұрысқан.

Сол кеткеннен әкем үйге келмеді. Төрт жыл бұрын ғана көрістік. Қанша дегенмен әкенің аты – әке екен. Оған дейін бетпе-бет кездескенде бәрін айтамын деп кіжініп барған едім. Бірақ оның бәрі көрген кезде ұмытылып, ашық сөйлестік. Әкем: "біз ажырасқанда әжең, "менің немеремді жетім қылдың" деп маған теріс батасын берген еді, сол жағдайдан кейін жолым болмады" деп өкінді", –дейді актер "Сәлем, Европа" Youtube арнасына берген сұхбатында. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар