Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Біреу бірдеңе тығып алуы мүмкін": Актриса Дариға Бадықова тойға неліктен күзетшімен барғанын түсіндірді

"Біреу бірдеңе тығып алуы мүмкін": Актриса Дариға Бадықова тойға неліктен күзетшімен барғанын түсіндірді
ашық дереккөзі
Батықова: Өз еліміздің әншілері болып, толып жатыр, қайта қуанбаймыз ба?

Актриса Дариға Бадықова "Таптым-ау" фильміне  жазған әнімен Олжас Абай екеуі Қазақстанның бүкіл қалаларындағы тойларға шақыртуды көптеп алған.  Батыстағы сондай тойлардың бірінде қос ән орындаушыны күзетшілер той ортасында халықтан қорғап тұрған. Ол жағдайдың видеосы тарап, көпшілік желіде түрлі болжам жасап, талқыға іліккен еді. актриса Дариға Бадықова  Aq pen qara  бағдарламасында жағдайды түсіндіруге тырысты.

"Біз "Болдық, толдық. Ойбай, күзетші беріңдер" демедік. Біз ұжымдық кешке бардық. Бізге де ақша керек. Өнер арқылы ақша табуымыз керек. Дәрігер де, мұғалім де өз мамандығы арқылы ақша табады. Күзетшіні мейрамхананың иелері берді. Өйткені, ұжымдық кеш болып жатыр. Халық өзі жылына бір рет көңіл көтереді. Ондай кезде адам көп болады. "Қыспасын", "Біреудің зияны тиіп кетпесін" деп берді. Біз әр түрлі адамбыз.

"Біреу бірнәрсе істеп кете ме?", "Тығып ала ма?" деп берілді. Оны екі түрлі бағытты шығарған. "Батыс -жабайы" деген. Мен "батысты жабайы" деп айта алмаймын. Фильм кассасының 70 пайызын батыс өңірі жинады. Өйткені, қазақи, жанашыр. Батыстың елі басқаша. Елге, жерге бөліну емес. Батыс өңірі ұлтшыл келеді. Ол суретке түсіп жатыр. Оны жабайы деуге болмайды. Ол - халықтың ықыласы. Қайта "Біздің елдің актерлері күзетшімен жүр" деп қуану керек. Голливудта "Күзетшімен жүреді екен" деп таңғалдық қой. Өзіміздің болып, толып жатқанымызға қуанбаймыз ба? Қазақ спорт пен өнерінен басқа несімен дәлелдейді? Әрбір өсіп келе жатқан жастар осындай болсын", - деді Дариға Бадықова. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар