ШҚО мектептерінде соттылығы бар және психиатриялық есепте тұрған адамдар жұмыс істеген
- автор kyn.kz
- 1 ақпан, 2024
- 538
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы қылмыстық тарихы бар адамдар кәмелетке толмағандардың қатысуымен еңбек қызметін жүзеге асырды, деп хабарлайды облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KYN.KZ.
Атап айтқанда, Еңбек кодексінің 26 - бабы 2-тармағының 3) тармақшасының талаптарына қайшы, аудандық мектепте бұрын қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған мұғалім мен 2 күзетші жұмыс істеді.
"Сондай-ақ, психиатриялық бұзылуларға байланысты "Д" есебінде тұрған 1 адам (көмекші персонал) балалардың қатысуымен қызметті жүзеге асырғаны анықталды.
Прокуратура шаралары бойынша білім беру ұйымдарында жұмысына жол берілмейтін адамдармен еңбек шарттары бұзылды, кінәлі лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Заңнамада көзделген шектеулері бар педагогтің кәсіби қызметіне рұқсат бергені үшін мектеп басшысы ӘҚБтК-нің 409-бабы 7-5-бөлігінің 5) тармағы бойынша 25 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.