Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстан мектептерінде "жыныстық тәрбие" пәні оқытыла ма: министрлік өкілі жауап берді

Қазақстан мектептерінде "жыныстық тәрбие" пәні оқытыла ма: министрлік өкілі жауап берді
pexels.com
Вице-министрдің айтуынша, тәрбие "екі жаққа ортақ процесс" және кейбір дүниелерді алдымен анасы не әкесі жеткізуі керек.

Сенат кулуарында оқу-ағарту вице-министрі Наталья Жұмаділдаева мектептерге "жыныстық тәрбие" пәнін енгізу мәселесі жөнінде қойылған сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

"Бүгінгі күні жыныстық тәрбие биология пәні аясында, басқа пәндер аясында қамтылған, сонымен қатар сынып жетекшілері сынып сағаттарында жеткілікті түрде беріп отыр, бірақ пәнді ("жыныстық тәрбие" - ред. ескерт.) енгізуге келсек, бүгінде біз мұны істей алмаймыз. Өйткені олар қажет дәрежеде оқу пәндері арқылы жүргізіледі. Онда адам анатомиясы және басқа да жайттар оқытылады. Ал сіз айтып отырған мәселеге келсек, бұл ата-ананың міндетіне кіреді. Алдағы уақытта да, ең алдымен, балаларын әлеуметтік есеюге қалай дайындау керек екені жөнінде ата-аналармен жұмысты жалғастырамыз", — деді Жұмаділдаева.

Айта кетейік, жақында балалар омбудсмені Динара Зәкиева Астанада оқушы қыздың зорланғанын хабарлаған еді. 31 қаңтар күні Ішкі істер министрлігінің өкілі бұл іс бойынша кәмелетке толмаған төрт бала ұсталғанын мәлімдеді. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар