Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты деген күдікті ұсталды

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты деген күдікті ұсталды
NUR.kz
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жығып қашып кеткен деген күдікті ұсталды

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы KYN.KZ Бас прокуратураның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлады.

1 ақпанда Қарағанды облысында Бас прокуратураның үйлестіруімен Қарағанды қаласында 2024 жылғы 27 қаңтарда сағат 00.20 шамасында орын алған жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жығу оқиғасы бойынша күдікті Дакебаев Нұрболат Нұрымұлы ұсталды.
Тергеу барысында ол бой тасалап, оған іздеу жарияланған болатын. Қазіргі уақытта Дакебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген Бас прокуратура хабарламасында. 


Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтар арнасының мәліметінше, полиция қызметкерлері жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдардың бірінен табылған. 
Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдиннің айтуынша, қылмыстық істі тергеу қатаң бақылауда.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар