Қоғам
Қарағанды облысында жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адам видеоүндеу жасады.
- автор kyn.kz
- 2 ақпан, 2024
- 956
Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жығып, кейін ұсталған Қарағанды облысының тұрғыны Нұрболат Дәкебаев қазақстандықтарға видеоүндеу жасады.
Видеоны Instagram-дағы пабликтердің бірі жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ.
"1 ақпанда полицияға өзім барып берілмекшімін. Жасап қойған қиянатым маза бермей жатыр. Анамнан да, бәрінен кешірім сұраймын. Ақ халаттылардан кешірім сұраймын.
Менің зиын тигізем деген ойым болған жоқ. Мұндай ой болмаған да, болмайды да. Қол жұмсап, менен жәбір көрген бауырымнан кешірім сұраймын. Мұсылман бауырлар да мені кешіріп қойыңыздар. Мен өз қателігімді түсініп отырмын. Алла разылығы үшін кешіріңіздер", - дейді ол видеоүндеуінде.