Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Жас баланың басын айналдырған": Мадина Сәдуақасова 10 жыл бұрын тұрмысқа шыққанын айтты(видео)

"Жас баланың басын айналдырған": Мадина Сәдуақасова 10 жыл бұрын тұрмысқа шыққанын айтты(видео)
инста парақшасынан
"Трендті Раимнан бұрын бастаған - Олжас", - деп жазды парақшасында әнші.

Әнші Мадина Сәдуақасованың келін атанып, Ожлас есімді жігітпен шаңырақ көтергеніне он жылдың болған. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында он жыл бұрын өзінен жасы кіші жігітке тұрмысқа шыққаны үшін әлі де сөз еститінін айтты, деп жазады KҮN.KZ. 

Әншінің айтуынша, тура он жыл бұрын өзін көпшіліктен ең жаман сөздер есітіген. 

"2014 жылдың 2 ақпаны күні мен бірден қартайдым. "Жас баланың басын айналдырған" адамға айналдым. Өйткені, өз теңіме тұрмысқа шықпадым. Сол кезде өмірімде алғаш рет ең көп жаман сөздер естідім. Арада 10 жыл өтті. Енді "Қандай жарасымды жұп", "Тойға неге Олжаспен бармайды", "Күйеуін әлеуметтік желіге жарияламайды" дейді. Уақыт-ай! Он жылдық тез-ақ өтіп кетеді екен ғой. 10 жылдық құтты болсын", - деп жазды Сәдуақасова. Сонымен қатар әнші көпшілікке үйлену тойының естелік видеосын көрсетті.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар