Қоғам
Терроризмді насихаттап, Сирияға кетпек болған күдікті Шымкентте ұсталды
- автор kyn.kz
- 2 ақпан, 2024
- 2.4k
Бұған дейін Сириядағы содырлар арасында соғысқан қазақстандық шетелден елге әкелінген еді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен 1 ақпанда Шымкент қаласында терроризмді насихаттау бойынша күдікке ілінген Түркістан облысының тұрғынын ұстады.
Тергеу материалдары бойынша ол террористік топтардың жағында ұрыс іс-қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша фигурантқа қатысты қылмыстық іс тергеліп, тергеп-тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.
Күдікті бірден абақтыға жабылды.