Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Садыр Жапаров: Бішкек ЖЭО-дағы жарылысқа қазақстандық көмір себеп болуы мүмкін

Садыр Жапаров: Бішкек ЖЭО-дағы жарылысқа қазақстандық көмір себеп болуы мүмкін
Sputnik Қырғызстан
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2 ақпанда болған Бішкек ЖЭО-дағы жарылысқа қазақстандық көмір себеп болуы мүмкін екенін айтты.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Бішкек ЖЭО-дағы жарылысқа не себеп болуы мүмкін екені туралы болжам айтты, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
"Бұрын Бішкек ЖЭО-да Қара-Кече кен орнының көмірін жағатын, ол шикі және оның калориясы 3800 ккал/кг. Былтыр Шұбаркөл көмірін пайдалануды ұйғардық. Оның калориясы 5500 ккал/кг. Мен сарапшы емеспін, бірақ жұмысшылар оның жоғары калориялы көмір екенін ескермей, оны Қара-Кече көмірі секілді жаққан. Соның нәтижесінде температураның көтерілуінен жарылыс болды деп ойлаймын", - деді қырғыз президенті "Кабару" агенттігіне берген сұхбатында.

Еске салсақ, 2 ақпан күні сағат 03.00-де жылу электр орталығында апат болып, қондырғылар істен шыққан. Бішкектегі апаттық және коммуналдық қызметтер 2-3 күн ішінде жылу беруді қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Апат салдарын толығымен жойып, энергетикалық нысанды іске қосу 5-7 күн ішінде орындалуы керек. Апат салдарынан 3 қызметкер зардап шегіп, олар ауруханада жатыр.

"Тұрғындар үздіксіз электр жарығымен қамтамасыз етілуде. Алайда жылу-электр орталығы мен жылу желілерінің жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ыстық су беру тоқтатылды", - деп жазылған хабарламада.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар