Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарда балаларға мерзімі өтіп кеткен екпе салынған

Павлодарда балаларға мерзімі өтіп кеткен екпе салынған
pixabay.com
Павлодарда прокурорлар жалған вакцинациялау фактілерін анықтады.

Сонымен қатар 2 бала мерзімі өтіп кеткен екпе алған, деп хабарлайды KYN.KZ Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Павлодар облысының прокуратурасы егу науқанын жүргізу заңдылығына медициналық ұйымдарды тексеру барысында 21 млн астам сомаға 9,5 мыңнан астам вакцинаны ұтымсыз пайдалану фактілерін анықтады. 

Атап айтқанда, Денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған сақтау қоймасынан дәрі-дәрмектер өтіп кеткен жарамдылық мерзімімен медициналық мекемелерге жіберілген.

"Павлодар емханаларының біріне "Пентаксимнің" 135 дозасы препараттың қолданылу мерзімі аяқталған күні берілді. Тағы бір жағдайда мерзімі өткен препараттармен 2 бала вакцинацияланған.

Тексеруде кәмелетке толмағандарды қызылшаға қарсы жалған вакцинациялау фактілері анықталды", - делінген хабарламада.

Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша жарамсыз препараттар жойылды, кінәлі адамдар жауаптылыққа тартылды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар