Шымкентте шенеунік бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамалды
- автор kyn.kz
- 5 ақпан, 2024
- 1.9k
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасы басшысының м.а. қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды KYN.KZ Антикорға сілтеме жасап.
"Лауазымды адам қаланың 216 тұрғын үйінің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру жөніндегі жұмыстарды орындауға бөлінген аса ірі мөлшерде алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті.
Залалдың алдын ала сомасы 120 млн теңгені құрайды.
Қатарлас қаржылық тергеу барысында шенеуніктің анасына ресімделген Түркістан облысының Қазығұрт ауылында монша кешенін салу арқылы жымқырылған қаражатты заңдастыру туралы нұсқасы тексеріледі", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ол Шымкент қаласының ПД УҰИ-да қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.