Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстан президенті 78 жасқа толды

Қазақстан президенті 78 жасқа толды
ашық дереккөз
Нұрсұлтан Назарбаев отбасында көптен күткен ұл болған. Ол дүниеге келгенде бүкіл ауыл тойлаған.

1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді.

Ақорданың мәліметінше, жаңа туған сәбиге ат таңдаудың өзі бір хикая  болған. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты.
Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: "Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін Нұр және Сұлтан деген. Оның аты Нұрсұлтан болсын", - деп тұңғыш президентттің атын әжесі қояды.
Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірген. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі. Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.

Жасөспірім шағында өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болған президент 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiреді.

20 жасынан бастап Қарағанды металлургия зауытында еңбек етіп, кейін сол зауыттың құю машинасының шойыншысы, домна пешінің горновойы, домна цехының дипетчері, газшысы болып жұмыс істеген.

Ал 1969-1973 жылдары Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарады.

1973-1977 жылдары – Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы.

1977-1979 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.

1979-1984 жылдары – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984-1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989-1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы. Сол жылы Қазақ КСР президенті болады.

1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 пайыз) жеңіске жетіп, Қазақстанның тұңғыш президенті атанады.

2015 жылғы 26 сәуірде өткен сайлауда сайлаушылар дауысының 97,75 пайызына ие болып, бесінші рет Қазақстан президенті болып тағайындалды.

Елбасы сонымен қатар Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы.

Қазақстан халқы Ассамблеясының, "Нұр Отан" партиясының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар