Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Осы үйдің қызы болып кеттім": Ақбота Нұр бұрынғы енесіне алғыс айтып, жылап қалды

"Осы үйдің қызы болып кеттім": Ақбота Нұр бұрынғы енесіне алғыс айтып, жылап қалды
инста парақшасынан
Әнші, актриса Ақбота Сейтмағамбет бұрынғы қайын жұртының отбасында ұлының сүндет тойын жасады.

Ақбота Сейтмағамбет бұрынғы енесінің 70 жасы мен тұңғышының сүндет тойын бірге өткізген тойда экс-жары Дәурен Айдарқұловпен бірге шықты, деп хабарлайды KYN.KZ.

Видеода қонақтардың алдына ұлы мен қызын ұстаған Ақбота Сейтмағамбет пен  Дәурен Айдарқұловты бірге шыққан. 

Актриса тойдың видеоларын Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.
"Әжеміздің 70 жасы мен ұлымның сүндет тойын бірге өткіздік. Енеме құрметім шексіз", - деп жазды Ақбота Сейтмағамбет.

Сонымен қатар актриса енесінің туған күніне тілек айтып, көзіне жас алды.
"Бұл үйдің қызы болып кеттім негізі. Көбісі не болып жатыр деп түсінбей жатқан шығар. Ең бастысы сізді жақсы көрем, құрметтеймін.Аман болыңыз", - деп актриса көзіне жас алды.
Ал Ақботаның енесі де сөз сөйлегенде келініне алғыс айтқан.


"Мен Ақботаны қалай жек көремін? Қалай жамандаймын? Дәуреннің алдында Жомарт деген ұлым болды. Алла 24 жасында алды. Ақбота маған Жомартымнан аумайтын Ибрагимді сыйлады", - деді әншінің бұрынғы енесі.



 

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар