Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

24 млн теңге: "Ертіс орманы" басшысы пара алды деген күдікпен қамалды

24 млн теңге: "Ертіс орманы" басшысы пара алды деген күдікпен қамалды
Антикор
26 қаңтарда тергеу сотының санкциясымен Резерват басшысы 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратураның үйлестіруімен орман шаруашылығын қорғау саласындағы жүйелі жемқорлықты анықтау шеңберінде «Ертіс Орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерватының (бұдан әрі – Резерват) басшысы тарапынан пара алу фактілерін анықтады, деп хабарлайды KYN.KZ Антикорға сілтеме жасап. .

Ол кәсіпкерлерге іскерлік орманды заңсыз кескені және сатқаны үшін пара алудың қылмыстық схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында тергеу сотының санкциясымен Резерват басшысы 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Сонымен қатар, Резерваттың бес бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, олар 2021-2023 жылдар аралығында өздерінің карточкалық шоттарына, сондай-ақ мекеменің жұмыс істеп тұрған және бұрынғы қызметкерлерінің шоттарына жалақыны есептеу және аудару арқылы 25 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған.

Келтірілген материалдық залал ішінара өтелді.

Тергеу жалғасуда. 

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар