Түркістанда жалдамалы пәтерден екі бала өлі табылды: анасы мекенжайды құрбысына айтып, қашып кеткен
- автор kyn.kz
- 8 ақпан, 2024
- 4.5k

Полицейлер олардың анасын, Қызылорда облысының тұрғынын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті мәліметінше, 7 ақпанда жалдамалы пәтерлердің бірінен екі баланың денесі табылған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Өлім себебін анықтау үшін балалардың денелері сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және балалардың көз жұмғаны және олардың мекенжайы туралы досына хабарлаған Қызылорда облысының тұрғыны, балалардың анасының тұрған жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда", - деді Түркістан облыстық ПД бастғы Мұрат Қабденов Facebook-тегі парақшасында.
Ал, облыстық полиция департаменті тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұрады.
"Біз жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертеміз және азаматтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа сенуге шақырамыз", - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Тоқаев мерзімді әскерге шақыру туралы жарлыққа қол қойды
- авторТомирис Тоныкөк
- 13 ақпан, 2025
«Қызыл түске боялған»: Каспий теңізінің суы көпшілікті шошытты
- авторТомирис Тоныкөк
- 13 ақпан, 2025